АҚШ Президенті Дональд Трамп Ресей мен Украинаны бейбіт келісімге қол қоюға шақырды.
Еуразия Тудейдің Анадолу агенттігіне сілтеме жасап хабарлауы бойынша, Дональд Трамп Ресей Президенті Владимир Путиннің Украинаға шабуылдарын тоқтататынына үміттенеді.
АҚШ Президенті Трамп Ақ Үйде Норвегия Премьер-министрі Йонас Гармен кездесуінде тілшінің Ресейге қатысты “Владимир Путин Украинаға қарсы шабуылдарын тоқтатады деп сенесіз бе?” деген сұрағына: “Иә, сенемін” деп жауап берді.
Дональд Трамп Ақ Үйде Норвегия Премьер-министрі Сторемен түскі ас алдында тілшілерге қысқаша мәлімдеме жасады.
АҚШ Президенті Ресей мен Украина процесінің келісіммен аяқталуына қатысты ойын білдіріп: “Менің бұл мәселе бойынша нақты мерзімім бар. Біз оның жылдам жүзеге асқанын қалаймыз”, — деді.
АҚШ Президенті Трамп өзінің Truth Social әлеуметтік медиаплатформасында Киевке жасалған шабуыл туралы хабарлама жариялап, Ресейдің Киевке жасаған шабуылдарына көңілі толмайтынын айтып: “Владимир, тоқта! Аптасына 5 мың сарбаз қаза тауып жатыр”,- деп жазды.




















