АҚШ президенті Дональд Трамп соғысты тоқтату туралы келісімнің ауылы алыс емес екенін айтқаннан кейін бір күн өткенде Құрама Штаттарында алаңдатарлық кеңістік қалыптаса бастады.
Еуразия Тудейдің хабарлауы бойынша бұған Иранмен әскери қақтығыстың қайта жандану ықтималдығы себеп болып отыр.
Трамптың бұйрығымен Ақ үйдегі «Жедел жағдайлар бөлмесінде» (Situation Room) өткен жоғары деңгейдегі кездесуден соң соғысқа қарсы топтар арасында сенімсіздік толқыны пайда болды.
Сонымен қатар, Тегеран да өз ұстанымын күшейте түсті. Иран стратегиялық маңызды Ормұз бұғазын қайтадан бұғаттағанын мәлімдеді. Бұл қадам Трамптың «ықтимал келісім аясында АҚШ Иранның байытылған уранын өз бақылауына алады» деген мәлімдемесіне жауап ретінде жасалды. Кейбір сарапшылардың пікірінше, мұндай шарт халықаралық құқықты бұзу және Иранның егемендігіне қол сұғу болып табылады.
Таяу Шығыс мәселелері бойынша кейбір мамандар АҚШ әкімшілігі халықаралық ережелер мен шындыққа жеткілікті көңіл бөлмейді және Трамп тез арада саяси жеңіске жетуді көздеп отыр деп есептейді. Олардың пайымдауынша, қазіргі жағдайды болжау қиын, өйткені АҚШ президенті Иранның уранын алу туралы сөзімен дағдарыс аясын одан әрі кеңейтіп жіберді.
Екінші жағынан, Ормұз бұғазының қайта жабылуы Трамптың ашуын туғызды. Әсіресе, оның бұған дейін осы тасымал жолын ашық ұстауда маңызды рөл атқарғаны туралы уәжіне қайшы келуі оның әкімшігіне саяси қысымды арттыра түспек.












