Бангладештегі Дональд Трамқа ұқсайтын ақ жүнді альбинос-бұқа Құрбан айт мерекесінде сойылмай, аман қалды.
Ақ сары жүніне байланысты «Дональд Трамп» деген лақап атпен танымал бангладештік альбинос-бұқа әлемде танымал болғаннан кейін құрбандыққа шалынбай, енді ұлттық хайуанаттар бағында күтілетін болды.
Бұқа Бангладештегі Нараянгандж қаласындағы фермада өсірілген. Оның салмағы шамамен 700 келі. Қожайынының айтуына сәйкес, ерекше сырт келбетіне қарамастан, бұқа өте жуас. Бұл — альбинос-бұқа. Мұндай жануарлар, әдетте, момын келеді, өзіне тиіспесе, агрессия танытпайды.
Ерекше бұқамен суретке түсу үшін фермаға ондаған адам келіп тұрған. Жануар тек жергілікті тұрғындар арасында ғана емес, әлемдік әлеуметтік желілерде де танымал болды.
Бұқаны мереке соңында құрбандыққа шалу жоспарланған еді. Қуанышқа орай, 27 мамыр күні кешке News18, Times of India және басқа да бірқатар бұқаралық ақпарат құралдары қоғамның жоғары қызығушылығына байланысты “Трамп” есімді буйволдың құрбандыққа шалынбағанын хабарлады. Жергілікті жауапты тұлғалардың мәлімдеуінше, Бангладештің Ішкі істер министрі Салахуддин Ахмед бұқа үшін төленген ақшаны сатып алушыға қайтаруды, ал жануардың өзін үкіметтің қамқорлығымен Даккадағы ұлттық хайуанаттар бағына жеткізуді бұйырған. Жануардың бағасы 300 000 бангладеш такасын (шамамен 2800-3000 доллар) құрады.
Ұлттық хайуанаттар бағының кураторы Атикур Рахман AFP агенттігіне жануарға жақсы күтім жасалатынын, оның екі апта бойы карантинде болатынын айтқан.












