Трамптың жұбайы жұрттың назарын басқа жаққа аудару үшін Эпштейн ісін қайтадан көтерді.
Құқық саласының америкалық профессоры Джеймс Сэмпл: «Иранмен арадағы соғыс жағдайының соншалықты нашарлауы соңғы бес апта бойы Эпштейн тергеуін тасада қалдырған еді. Енді Трамптың жұбайы жұрттың назарын басқа жаққа аудару үшін сол Эпштейн ісін қайтадан алға шығарды», — деп мәлімдеді.
Оның айтуынша АҚШ-тың бірінші ханымы Эпштейн тергеуіне қатысты тосын мәлімдеме жасады.
Трамп әкімшілігі бұған дейін бұл тергеуді жаңалықтар таспасынан барынша ысырып тастауға тырысып баққан еді. Алайда соғыс барысы сәтсіз болғандықтан, олар назарды басқа арнаға бұру үшін Эпштейн ісін қайтадан күн тәртібіне шығаруға мәжбүр болды.
Мелания Трамп Джеффри Эпштейнмен жақын қарым-қатынасы туралы қауесеттерді үзілді-кесілді жоққа шығарып, оларды жала деп атады. Ол ешқашан оның досы болмағанын, ұшағына мінбегенін немесе аралына бармағанын, онымен тек Нью-Йорктегі әлеуметтік ортада ғана кездескенін мәлімдеді. Бірінші ханым қарым-қатынас туралы барлық айыптауды тоқтату керектігін баса айтты.












