Ашхабадта Түрікменстанның Каспий теңізі институтында Түркіменстан мен Иран Каспий теңізі мәселелері бойынша кеңес өткізді.
Еуразия Тудейдің Түркіменстан СІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлауы бойынша 2025 жылғы 7-8 сәуір аралығында Ашхабадта Түрікменстанның Каспий теңізі институтында теңіз шекара сызығын, балық аулау аймақтарының демаркациялық сызығын анықтау, сондай-ақ Каспий теңізінің түбін демаркациялау және оған қатысты құжаттар мәселелері бойынша Түркіменстан мен Иран делегацияларының екіжақты консультациялары өтті.
Келіссөздер барысында екіжақты және бес жақты ынтымақтастық мәселелері, соның ішінде Каспий теңізінің экологиясына қатысты басқа да бірқатар мәселе талқыланды.
Түркіменстандық тарапты Түркіменстанның Каспий теңізі институтының директоры Мырат Атажанов, ал ирандық делегацияны Иран Сыртқы істер министрінің Каспий теңізі мәселелері жөніндегі көмекшісі Алиреза Джаһангири басқарды.















