Түркіменстан Орталық Азиядағы Парсы шығанағы елдерінің ең ірі сауда серіктесіне айналды.
Еуразия Тудейдің orient.tm сайтындағы мәліметке сілтеме жасап хабарлауы бойынша Парсы шығанағы елдері мен Орталық Азия арасындағы өзара сауда көлемі 2024 жылы 3,3 миллиард долларға жетті. 2020 жылмен салыстырғанда бұл көрсеткіш төрт есе көп.
Еуразиялық даму банкінің мәліметі бойынша Түркіменстан аймақта жетекші орынға ие. Түркіменстанның үлесіне 2 млрд доллар немесе жалпы тауар айналымының 61 пайызы тиесілі.
Сонымен қатар, республика ең жоғары өсу қарқынын көрсетті. Бұл 2020 жылмен салыстырғанда 9,9 есе артық. Парсы шығанағы елдерімен сауда елдің сыртқы сауда айналымының шамамен 10 пайызын құрайды, бұл аймақтағы ең үлкен көрсеткіш.
Салыстыру үшін Өзбекстан 740 миллион доллармен екінші, ал Қазақстан 302 миллион доллармен үшінші орында. Парсы шығанағы елдерінің ішінде Орталық Азиямен барлық сауданың 97 пайызын құрайтын Біріккен Араб Әмірліктері абсолютті көшбасшы болып қала береді.












