Түркия президенті Реджеп Тайып Ердоған мен Иран президенті Масуд Пезешкиан Шанхай ынтымақтастық ұйымының саммиті аясында кездесіп, келіссөз жүргізді.
Еуразия Тудейдің хабарлауы бойынша, Түркия президенті Реджеп Тайып Ердоған кездесу барысында Анкара мен Тегеранның бірқатар салада, соның ішінде энергетика саласындағы ынтымақтастығы екі елдің де мүддесіне сай келетінін баса айтты.
Келіссөз барысында екіжақты қарым-қатынастың қазіргі жағдайы мен аймақтық және халықаралық тақырыптар талқыланды.
Реджеп Тайып Ердоған Түркияның Иранның ядролық бағдарламасы бойынша келіссөздердің жүргізілуін орынды деп санайтынын, Анкараның бұл мәселеде Тегеранға қолдау көрсетуді жалғастыратынын айтты.
Сондай-ақ, тараптар Сириядағы қазіргі жағдай, Израильдің Газа секторындағы басқыншылығы және Оңтүстік Кавказдағы бейбітшілік үдерісі туралы пікір алмасты.
















