Түркия Президенті Режеп Тайып Ердоған БҰҰ Бас Aссамблеясында Нетаньяхуды Гитлермен салыстырды.
Еуразия Тудейдің РИА Новости агенттігіне сілтеме жасап хабарлауы бойынша, Түркия Президенті Режеп Тайып Ердоған БҰҰ Бас Ассамблеясында сөйлеген сөзінде Батыс Азиядағы жағдай туралы айтты.
Режеп Тайып Ердоған Израиль Премьер-министрі Биньямин Нетаньяхуды сынап, оны Адольф Гитлермен салыстырды. Түркия Президенті: «Халықаралық қауымдастық палестиналық бейбіт тұрғындарды израильдік әрекеттерден қорғау механизмін әзірлеуі керек. Гитлерді 70 жыл бұрын адамзат альянсы тоқтатқаны сияқты, Биньямин Нетаньяху мен оның қанды желісін де адамзат одағы тоқтатуы керек», — деді.
Режеп Тайып Ердоған бұған дейін де Израиль басшылығын сынаған болатын. Түркия Президенті Ердоған наурыз айында Газа секторындағы жағдай туралы пікір білдіріп, Батыс Азияда болып жатқан жағдайды «геноцид» деп атады.
2023 жылдың желтоқсан айында Түркия мен Израиль басшылары бірін-бірі айыптады. Сол кезде де Ердоған Нетаньяхуды Гитлермен салыстырды. Ал, Израиль Премьер-министрі Ердоғанның бұл сөзіне жауап беріп, оның күрдтерге қарсы геноцид жасап отырғанын тілге тиек еткен болатын.
2023 жылдың күзінде Газа секторындағы оқиғаларға байланысты Түркия Израильдегі елшісін қайтарып алды.



















