Түркияның Сыртқы істер министрлігі Дамаскідегі елшілігінің 13 жылдан кейін қайта ашылатынын хабарлады.
Еуразия Тудейдің Меһр агенттігіне сілтеме жасап хабарлауы бойынша Түркия Сыртқы істер министрлігі мәлімдеме жасап, Түркияның Дамаскідегі елшілігінің уақытша сенімді өкілі болып Бурхан Кероглының тағайындалғанын хабарлады.
Айта кетейік, Түркия елшілігі бұл елдегі қызметін 2012 жылдың наурыз айында Сирия дағдарысының басталуымен бір мезгілде тоқтатты. Енді Башар Асад үкіметінің құлауымен елшілігін қайта ашып жатыр.
Қазір Түркияның Мавритания астанасы Нуакшоттағы елшісі Борхан Кероглу жақын арада Дамаскіге барады.












