Түркияның Энергетика және табиғи ресурстар министрі Алпарслан Байрактар Түркияның Сомали теңіздеріндегі 3 блокта көмірсутегі ресурстарын іздеуге кірісетінін айтты.
Еуразия Тудейдің Анадолу агенттігіне сілтеме жасап хабарлауынша Байрактар Стамбұлда Түркия мен Сомали арасындағы көмірсутекті барлау және өндіру келісіміне қол қою рәсіміне Сомалидің Мұнай және минералды ресурстар министрі Әбдіразак Омар Мохамедпен бірге қатысты.
Салтанатты рәсімнен кейін баспасөз мәслихатында сөз сөйлеген Байрактар Түркияның қазіргі уақытта әлемдегі ең маңызды терең теңіз кемелері флотына ие елдердің бірі екенін айтты.
Байрактар Түркияның тек өз аумағы мен теңіздерінде ғана емес, сонымен қатар кейбір географиялық аймақтар мен елдерде де табиғи газ және мұнай іздеу процесін белсенді түрде бастайтыны туралы бұрынғы мәлімдемесін еске салып: «Бүгінгі күні мұның бір мысалын көріп отырмыз. Біз 2024 жылдың 7 наурызында осы залда Сомалимен жасаған министрлік аралық келісімнің бүгіннен бастап нақтыланғанын көрдік» деді.
Сомалидің Мұнай және минералды ресурстар министрі Әбдіразақ Омар Мұхамед те: «Бұл екі ел үшін де жаңа күн. Өндіріс басталса, екі елге де тиімді болады. Бұл екі ел арасындағы қарым-қатынасты нығайтуға да септігін тигізеді» деді.
Мұхамед Түркияның 3 блокта сейсмикалық барлау жұмыстарын бастауға бел байлағанына өте қуанышты екенін айтып, содан кейін келесі жылдың басында барлау бұрғылау жұмыстары басталатынын хабарлады.















