Үндістан Сыртқы істер министрінің орынбасары Викрам Мисри Талибан Үкіметінің Сыртқы істер министрі Моулави Амир Хан Муттақимен кездесуде Делидің Ауғанстанмен байланысты арттыруға және Чабаһар арқылы сауданы дамытуға әзір екенін хабарлады.
Еуразия Тудейдің Тасним агенттігіне сілтеме жасап хабарлауы бойынша Үндістан Сыртқы істер министрінің орынбасары Викрам Мисри Талибан Үкіметінің Сыртқы істер министрі Амир Хан Муттақимен Біріккен Араб Әмірліктерінде өткен кездесуде Жаңа Делидің Ауғанстанмен саяси және экономикалық байланысты арттырып, Чабаһар айлағы арқылы осы елмен сауданы жандандыруға ниетті екенін мәлімдеді.
Моттақи кездесуде Үндістанның гуманитарлық көмектеріне алғыс айтып, Талибан Үкіметінің үйлесімді және экономикаға негізделген сыртқы саясаты негізінде Үндістанмен саяси және экономикалық байланысты нығайтуды қалайтынын мәлімдеді.
Ол сонымен қатар Үндістан тарапын Ауғанстаннан ешбір елге қатер төнбейтіндігіне сендірді.
Ол сөзінің жалғасында дипломатиялық байланыс деңгейін арттырып, ауған бизнесмендері мен науқастар және студенттер үшін виза беру үдерісінде жеңілдіктің қалыптастырылуына үміт білдірді.
Талибан Үкіметінің Сыртқы істер министрлігі жариялаған мәлімдемеге сәйкес, Үндістан СІМ орынбасары да осы кездесуде Үндістан мен Ауғанстанның тарихи байланысқа ие екенін және Дели осы қарым-қатынасты көбірек күшейтуге мүдделі екенін мәлімдеді.
Ол елінің өткен үш жарым жыл ішінде Ауғанстанға гуманитарлық көмек көрсеткенін, инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асыруда да Ауғанстанға жәрдемдесуді қалайтынын айтты.
Айта кетейік, кеше Дубайда Үндістан делегациясы мен Талибан басқаратын Ауғанстан үкіметінің өкілдері арасында келіссөз өтті.















