Иранның мұнай экспорты АҚШ-тың қатаң санкцияларының жалғасуы мен күшеюіне қарамастан жалғасуда.
Еуразия Тудейдің ИРНА агенттігіне сілтеме жасап хабарлауы бойынша, Иранның мұнай өнеркәсібі соңғы онжылдықта көптеген санкцияға тап болды. Алайда, санкциялар бұл саланың дамуын тоқтата алмады. Иранда осы жылдар бойы мұнай өндірісі мен экспорты да жалғасып келеді.
Америка санкциялары және қастықтарымен Иранға дұшпандығын әлі білдіріп келеді. Алайда, Иранның Мұнай министрі Моһсен Пакнежад бұған дейін мәлімдегендей, Иранның мұнай саласындағы мамандары болашақта ықтимал шектеулерді жеңілдету жолдарын әзірлеп, кез келген жағдайға дайын.
Тасним агенттігінің хабарлауынша мұның алдында, кемелерді бақылайтын Tanker Trackers компаниясы X әлеуметтік желісінде Иранның Қытайға мұнай экспорты артқанын жазған болатын.
Компания аккаунтында: “Иранның шикі мұнай экспорты бірінші жартыжылдықтағы баяу өсімнен кейін желтоқсанның екінші жартысында артты»,- деп жазды.


















