АҚШ-тың Иранға шапқыншылығында Старлинкті қолдануына байланысты Үндістанның үрейі ұшқаны соншалықты, елінде оның жұмысына рұқсат беруден бас тартты.
АҚШ-тың Иранға жасаған жуырдағы басқыншылығында Илон Масктың SpaceX компаниясы әзірлеген жаһандық спутниктік интернет жүйесі Starlink-ті қолдануынан кейін Үндістан үкіметі қауіпсіздік мәселелеріне байланысты Старлинктің жұмыс істеуіне берілетін соңғы рұқсатты кейінге қалдырды.
Еуразия Тудей ақпарат агенттігінің India Today басылымына сілтеме жасап хабарлауынша, Үндістан үкіметі Старлинктің коммерциялық қызметін бастауға арналған түпкілікті рұқсат беру үдерісін доғарды. Хабардар дереккөздерінің мәлімеіне сәйкес, бұл шара АҚШ-тың Иранға қарсы жуырдағы соғысы кезінде аталған спутниктік интернет желісінің терминалдарын қолданудан туған қауіпсіздік саласындағы алаңдаушылықпен тікелей байланысты.
Үндістанның бұқаралық ақпарат құралдарының хабарлауынша, Үндістан Ішкі істер министрлігіне қарайтын қауіпсіздік органдары Старлинкке рұқсатты мақұлдаудан бас тартқан.
Үндістан тарапынан рұқсаттың берілмеуі SpaceX-тің жаһандық деңгейдегі ең үлкен интернет нарықтарының біріне кіру жоспарын белгісіздікке душар етті.
Көп жылдан бері Старлинкті еліне кіргізуді қарастырған Үндістан енді спутниктік барлық байланыс индустриясына асқан сақтықпен қарап отыр. Мәліметтерге сәйкес, АҚШ-тың Иранға жасаған агрессиясы бұл елдің қауіпсіздік құрылымдарының аталған технологияға қаупін арттырған.
Айта кетейік, өткен аптада Reuters агенттігі АҚШ Иранға шабуыл жасау кезінде ұшқышсыз ұшақтарын бағыттау үшін Старлинк терминалдарын пайдаланғанын жария еткен болатын.
Сондай-ақ, Reuters Пентагонның бұл мәселе үшін SpaceX компаниясына қомақты қаржы төлеуге де әзір болғанын хабарлады.














