Ресей, Қытай және Иран Тегеранның ядролық бағдарламасы бойынша кеңесті.
Еуразия Тудейдің хабарлауы бойынша бұл туралы Венадағы халықаралық ұйымдардағы Ресейдің тұрақты өкілі Михаил Ульянов мәлім етті.
Ульянов Телеграмдағы арнасында: «Бүгін Қытай, Иран және Ресей Иранның ядролық мәселесі бойынша дәстүрлі үшжақты консультациялардың кезекті кезеңін өткізді.
Біз 19-21 қараша аралығында өтетін АҚХА Басқарма кеңесінің келесі сессиясы алдында «сағат теңестіріп», өз ұстанымдарымызды үйлестірдік», — деп жазды.
Ол бұл кездесудің егжей-тегжейіне немесе оның нәтижелеріне тоқталған жоқ.












