ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеудің төрағалығымен 21 маусым күні ҰҚШҰ-ның Сыртқы істер министрлері кеңесінің отырысы өтті.
Еуразия Тудейдің ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлауы бойынша, кеңейтілген құрамдағы кездесуді ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу ашты.
Ол ҰҚШҰ мемлекеттерінің өзекті қауіп-қатерлерге қарсы тұруға жалпы мүдделілігін атап өтті.
Кездесудің негізгі тақырыптары Ауғанстан мен Батыс Азиядағы ағымдағы ахуалды талқылау болды. Министр әріптестерін Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ұсынған басымдықтардың іске асырылу барысы туралы қысқаша хабардар етті.
Сонымен қатар Мұрат Нұртілеу отырысқа қатысушыларды ҰҚШҰ-ға төрағалық ету кезеңіндегі Қазақстан төрағалығының басымдықтарын іске асыру барысы туралы айтып өтті. Сондай-ақ, Ұйымды одан әрі арттыруға бағытталған бірқатар ұсыныс білдірді.
ҰҚШҰ-ға мүше мемлекеттердің сыртқы саяси ведомстволарының басшылары халықаралық және өңірлік жағдай және оның ҰҚШҰ елдерінің қауіпсіздігіне әсері туралы пікір алмасты.












