Американың Түркиядағы елшісі Томас Барак Вашингтонның Сирияда өзінің әскери құзырын мейлінше азайтып, бір әскери базаны ғана қалдыруды мақсат етіп отырғанын хабарлады.
Өткен айда Дональд Трамптың Сирия істері бойынша арнайы Елшісі болып тағайындалған Түркиядағы Американың елшісі Томас Барак Түркияның NTV телеарнасына берген сұхбатта елінің Сирияға қатысты саясаты бұдан былай өткен жүз жыл бұрынғы саясаттарға ұқсас болмайтынын, себебі ол саясаттарының нәтижесі болмағаныын айтты.
Американың жоғары лауазымды тұлғасы Американың Сирияда тағы орналасуы туралы сөзінде: “Біздің Сириядағы сегіз әскери базамыздан тек бір базамыз ғана қалады”,- деді.
Ол қазір елінің осы іспен шұғылданып жатқанына тоқталып, Вашингтонның аймақтағы серіктестері Сирияға қатысты қауіпсіздік саласындағы жаңа шараларға қатысуы керек екенін айтып: “Мәселе — интеграция мен баршаның рационалдығында” — деді.
Барак сонымен қатар өткен аптада Сирия уақытша үкіметінің Абу Мохаммад Джулани деген атпен танымал басшысы Ахмад аш-Шараамен кездескенін тілге тиек етіп, Американың Сирияны басқару ойында жоқ екенін, бірақ Сирияның жаңа үкіметі үшін қолдаушы рөлге айналып, оны күшейтуді мақсат ететінін айтты.
Трамп үкіметі мұның алдында Сириядағы Американың құзыры азаюы мүмкін екенін мәлімдеген болатын.
Америка Қорғаныс министрлігінің аты жөнін атауды қаламаған бір жоғары лауазымды басшысы ақпан айында Пентагон Сириядан шығу үшін жоспар құрып жатқанын растады.
Трамп сонымен қатар “Сирияға ұлылыққа жететін мүмкіндік қалыптасу” үшін осы елге салынған барлық санкцияны жоюға бұйрық берді.













