Eurasiatoday
Вторник, 24 ноября, 2026
KG | RU | KZ
  • Басты бет
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Орталық Азия
    • Қырғызстан
    • Қазақстан
    • Өзбекстан
    • Тәжікстан
    • Түркіменстан
  • Әлем
    • Америка
    • Европа
    • Азия
    • Батыс Азия
    • Россия
  • Мәдениет
  • Туризм
  • Ғылым
  • Дiн
  • Спорт
  • Біз туралы
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Орталық Азия
    • Қырғызстан
    • Қазақстан
    • Өзбекстан
    • Тәжікстан
    • Түркіменстан
  • Әлем
    • Америка
    • Европа
    • Азия
    • Батыс Азия
    • Россия
  • Мәдениет
  • Туризм
  • Ғылым
  • Дiн
  • Спорт
  • Біз туралы
No Result
View All Result
Eurasiatoday
KG | RU | KZ
No Result
View All Result

Вашингтон Тегеран билігінің бірлігін бұзуға әрекет жасауда

  • Америка, Басты жаңалықтар, Батыс Азия, Сараптама, Саясат
  • 27 апреля, 2026 19:37

Loading

АҚШ Президенті Дональд Трамп “ирандық шешім қабылдаушы тұлғалар арасында келіспеушілік бар” деген жалған саяси кеңістік қалыптастырып, Тегеран билігінің бірлігін бұзуға әрекет жасауда.

Иран мен АҚШ арасында тұрақсыз атысты тоқтату бойынша әлсіз бітім орнаған тұста Тегеран Ормұз бұғазын жабық ұстауы мен Вашингтонның теңіз қоршауын қолдануы текетірестің жаңа кезеңі басталғанын аңғартады. Қақтығыстардың қайта басталу ықтималдығы туралы болжамдармен қатар, АҚШ үкіметі жаңа тәсілге көшкендей көрінеді. Бұл стратегия Иранның билік құрылымында жік бар деген түсінікті қалыптастыруға негізделген.

Бұл нарративті алғаш рет АҚШ Президенті Дональд Трамп жария түрде ортаға салды. Ол Тегеран соғысты тоқтатудың біртұтас жоспарын ұсынуы үшін Иранға көбірек уақыт беру мақсатында атысты тоқтату мерзімін ұзартатынын мәлімдеді. Бұл сөздер астарлы түрде ирандық шешім қабылдаушы тұлғалар арасында келіспеушілік бар дегенге меңзеді. Трамп өзінің «Truth Social» желісіндегі жазбасында тіпті Иран үкіметіндегі «құлдырау мен бейберекеттіктің қауіпті жағдайы» туралы айтып, бірнеше күннен кейін бұл уәжін қайталап, Иранның саяси жағдайын «тұрақсыз» деп сипаттады.

Тақырыпқа орай:

Иранға қарсы соғысты тоқтату жаңа Конгрестің басымдықтарының бірі болады

Иранға қарсы соғысты тоқтату жаңа Конгрестің басымдықтарының бірі болады

23.11.2026

Осы орайда, кейбір батыстық және арабтық БАҚ та осы бағытты жаңғыртып, Иран билігі ішінде екі топтың пайда болғанын жаза бастады: бірі — Вашингтонмен келіссөз жүргізуді жақтаушылар, екіншісі — оған қарсылар. Дегенмен, бұл тұжырымдардың ешқайсысы нақты айғақтар мен құжаттарға негізделмегендіктен олардың басым бөлігі ақпараттық соғыс аясындағы әрекеттер ретінде бағалануда.

Ал іс жүзіндегі жағдай бұл бейнеден мүлдем өзгеше. Кейбір жоғары лауазымды тұлғаларға жасалған мақсатты шабуылдарға қарамастан, Иранның шешім қабылдау жүйесі өз тиімділігін сақтап қалды. Әскери үйлестіруде де іркіліс болған жоқ, дипломатиялық ұстанымдарда да айтарлықтай алаауыздық байқалмады. Сарапшылар бұл тұрақтылықты Иран саяси жүйесінің институционалдық сипатымен байланыстырады. Мұнда шешім ұжымдық негізде және жалпы мемлекеттік стратегиялық бағыттар бойынша қабылданады.

Осы ішкі бірліктің сақталуы Вашингтон мен Израильді алаңдатып отырған секілді. Бастапқы болжамдар бойынша, негізгі тұлғалардың көзін жою биліктің іштей әлсіреуіне немесе тіпті құлауына алып келуі тиіс еді, бірақ оқиғалар желісі олардың ойларының іске аспағанын көрсетті. Нәтижесінде, Иран басшыларының көзқарастарындағы табиғи өзгешеліктерді «терең жік» ретінде көрсету — ел ішінде іріткі салу әрекеті деп қабылдануда.

Бұл ахуалға жауап ретінде Иранның жоғары лауазымды тұлғалары ортақ мәлімдемелер жасап, ішкі бірлікті қуаттады. Атап айтқанда, Президент Масуд Пезешкиан, Парламент спикері Мохаммад Бақер Ғалибаф және Сот билігінің басшысы Ғоломхоссейн Мохсени Эжеи өз сөздерінде «радикалдар» және «либералдар» деп бөліну бүгінгі Иранның шынайы бейнесі емес екенін, барлық ағымның біртұтас жүйе аясында әрекет ететінін қуаттады.

Сонымен қатар, Иран Сыртқы істер министрі Аббас Арақчи мен әскери қолбасшылар халық пен биліктің ауызбіршілігі мен бірлігі осы текетірестегі басты тірек екенін атап айтты. Иран басшылары психологиялық және ақпараттық соғысқа да қатысты ескерту жасап, мұны қоғамның сенімі мен ұлттық тұтастықты әлсіретуге бағытталған әрекет деп атады.

Түйін: АҚШ жалған келіспеушіліктерді зорайтып көрсету арқылы саяси және психологиялық қысым жасауға тырысып жатқанда Иран биліктің барлық деңгейіндегі бірлігін паш етіп, өзінің өзгеше жауабын қайтаруда. Осы екі бейненің қайсысы алдағы уақытта басым түсетіні аталған текетірестің бағытын айқындайтын шешуші фактор болмақ.

FacebookTwitterWhatsApp
Подпишитесь и получайте новости первыми​
FACEBOOK
INSTAGRAM
YOUTUBE

Ұқсас жаңалықтар

Иранға қарсы соғысты тоқтату жаңа Конгрестің басымдықтарының бірі болады

Иранға қарсы соғысты тоқтату жаңа Конгрестің басымдықтарының бірі болады

23.11.2026
АҚШ сенаторы әскери жасанды интеллектке бақылауды күшейтуге шақырды

АҚШ сенаторы әскери жасанды интеллектке бақылауды күшейтуге шақырды

23.11.2026
Пәкістан Ауғанстаннан қарулы топтарға қарсы шара қолдануды талап етті

Пәкістан Ауғанстаннан қарулы топтарға қарсы шара қолдануды талап етті

23.11.2026
Армения «Трамп бағыты» жобасын іске асыру үшін америкалық компаниялардың болуына жол бермейді.

Армения «Трамп бағыты» жобасын іске асыру үшін америкалық компаниялардың болуына жол бермейді.

23.11.2026
Пентагон Ирандағы әскери операцияның нақты ауқымын Конгрестен жасырып отыр

Пентагон Ирандағы әскери операцияның нақты ауқымын Конгрестен жасырып отыр

23.11.2026
Ұлттық дәстүрлерді сақтау мен мәдени ерекшелікке құрмет — өзара түсіністіктің негізі

Ұлттық дәстүрлерді сақтау мен мәдени ерекшелікке құрмет — өзара түсіністіктің негізі

23.11.2026
Ташкенттің Иранға қатысты ұстанымы және Мирзиёеваның АҚШ кемесіне сапары

Ташкенттің Иранға қатысты ұстанымы және Мирзиёеваның АҚШ кемесіне сапары

23.11.2026
Америкалық сенатор: Иранмен соғысқа ондаған миллиард доллар босқа жұмсалды

Америкалық сенатор: Иранмен соғысқа ондаған миллиард доллар босқа жұмсалды

23.11.2026
Иран АҚШ-тың 20-шы ұшқышсыз ұшу аппаратын атып түсірді

Иран АҚШ-тың 20-шы ұшқышсыз ұшу аппаратын атып түсірді

23.11.2026

Басты жаңалықтар

Иранға қарсы соғысты тоқтату жаңа Конгрестің басымдықтарының бірі болады

Иранға қарсы соғысты тоқтату жаңа Конгрестің басымдықтарының бірі болады

23.11.2026
АҚШ сенаторы әскери жасанды интеллектке бақылауды күшейтуге шақырды

АҚШ сенаторы әскери жасанды интеллектке бақылауды күшейтуге шақырды

23.11.2026
Пәкістан Ауғанстаннан қарулы топтарға қарсы шара қолдануды талап етті

Пәкістан Ауғанстаннан қарулы топтарға қарсы шара қолдануды талап етті

23.11.2026
Пентагон Ирандағы әскери операцияның нақты ауқымын Конгрестен жасырып отыр

Пентагон Ирандағы әскери операцияның нақты ауқымын Конгрестен жасырып отыр

23.11.2026
Америкалық сенатор: Иранмен соғысқа ондаған миллиард доллар босқа жұмсалды

Америкалық сенатор: Иранмен соғысқа ондаған миллиард доллар босқа жұмсалды

23.11.2026
Тәжікстан мен Иран су үнемдеу технологияларын енгізу перспективаларын талқылады

Тәжікстан мен Иран су үнемдеу технологияларын енгізу перспективаларын талқылады

21.11.2026

Валюта бағамы

Экономика

Иранға қарсы соғысты тоқтату жаңа Конгрестің басымдықтарының бірі болады

Иранға қарсы соғысты тоқтату жаңа Конгрестің басымдықтарының бірі болады

23.11.2026
Йемен Сауд Арабиясының порттарына шабуыл жасай алады

Йемен Сауд Арабиясының порттарына шабуыл жасай алады

21.11.2026
Тәжікстан мен Иран су үнемдеу технологияларын енгізу перспективаларын талқылады

Тәжікстан мен Иран су үнемдеу технологияларын енгізу перспективаларын талқылады

21.11.2026
АҚШ Сингапур мен Малайзияға Иранға салынған санкцияларға қатысты ескерту жасады

АҚШ Сингапур мен Малайзияға Иранға салынған санкцияларға қатысты ескерту жасады

21.11.2026
Язан Абуши: Израиль табиғатты қорғау сылтауымен саясат жүргізіп отыр

Язан Абуши: Израиль табиғатты қорғау сылтауымен саясат жүргізіп отыр

21.11.2026
Демократ сенатор Адам Шифф АҚШ-тың қаржы шығыны артқанын мәлімдеді

Демократ сенатор Адам Шифф АҚШ-тың қаржы шығыны артқанын мәлімдеді

20.11.2026

Eurasia Today

Біздің серіктестер

Slide 1
Slide 2
Next Post
Ирландия «Евровидение-2026» байқауын көрсетуден ресми түрде бас тартты

Ирландия «Евровидение-2026» байқауын көрсетуден ресми түрде бас тартты

  • Басты бет
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Әлем
  • Мәдениет
  • Орталық Азия
  • Ғылым
  • Туризм
  • Дiн
  • Спорт
  • Сурет
  • Бейне
© 2023 Eurasiatoday.
Барлық құқықтар сақталған.
Сайттың ескі нұсқасы

«EURASIA TODAY» сайтындағы материалдарды қайта басып шығару және көшіруге тек дереккөзге сілтеме жасаған жағдайда ғана рұқсат етіледі. Мәтіндік, фото, аудио және бейне материалдарды пайдалану тек авторлық құқық иесінің келісімі арқылы ғана мүмкін болады.