АҚШ Мемлекеттік департаментінің баспасөз хатшысы Тэмми Брюс Вашингтон Теһранның келіссөздерді бастауын күтетінін мәлімдеді.
Еуразия Тудейдің Fox News арнасына сілтеме жасап хабарлауынша, АҚШ Мемлекеттік департаментінің баспасөз хатшысы Тэмми Брюс президент Дональд Трамп әлі күнге дейін Иран мәселесінде дипломатияға басымдық беретінін, Теһраннан келіссөздерді бастауды күтетінін мәлімдеді.
АҚШ Мемлекеттік департаментінің ақпарат хатшысы АҚШ-тың Иранға қарсы агрессиясы мен осы елдің ядролық нысандарына жасаған шабуылына тоқталып: «Президент әу бастан және біз амалсыздан әрекет етуден бұрын және кейін де келіссөз жүргізуге ниетті. Ол бұл мәселеде дипломатияның іске жарайтынына сенді, әлі де сенеді. Иран осы кезеңде өзінің нұсқаларын анық біледі.
Президент доп олардың алаңында екенін және біздің асықпайтынымызды, бірақ біздің келіссөздерге толық дайын екенімізді және ең басынан бұл біздің ұстанымымыз болғанын, біз мұны көрсеткенімізді және ирандықтар да біздің ұстанымымызды білетінін айтты.
Президент шыдамды, үкімет те шыдамды. Ол Ираннан келіссөздерді бастайды деп күтеді. Өйткені бұл олардың мүдделері үшін», — деді.












