Украина үкіметінің делегациясы Сауд Арабиясында келіп жетті.
Бұл туралы Украинаның Экономика министрі Юлия Свириденко Facebook әлеуметтік желісінде хабарлады.
Associated Press агенттігі де Америка мен Ресейдің Арабстанда өткізілуі жоспарланған келіссөздері туралы болжамдарға сілтеме жасап, осы елге украиналық делегацияның аттанғанын хабарлаған болатын.
Associated Press агенттігі есімін жариялаудан бас тартқан украиналық қайраткерлердің бірі Америка мен Ресейдің Мәскеу мен Киев арасындағы соғысты тоқтату үшін жоспарланан келіссөздері туралы болжамдарға байланысты украиналық делегацияның Украина президенті Владимир Зеленскийдің Сауд Арабиясына ықтималды сапарында кездесулер мен келіссөздер жүргізуіне дайындық шараларын жасау үшін Эр-Риядқа келіп жеткенін хабарлады.
Axios интернет сайты мұның алдындағы материалында есімдерінің аталуын қаламаған екі дереккөзі АҚШ пен Ресейдің жоғары лауазымды қайраткерлері Украинадағы соғысты тоқтату туралы жасалуы мүмкін келісім және АҚШ президенті Дональд Трамп пен Ресей президенті Владимир Путин арасындағы кездесуге дайындықты талқылау үшін сейсенбі күні Сауд Арабиясында кездесетінін жазды.












