Украина үкіметі кеше, қарашаның 8 күні Иранмен әуе қатынасы келісімін бұзу туралы шешім қабылдады.
Бұл туралы Министрлер кабинетінің Жоғарғы Рададағы өкілі Тарас Мельничук мәлімдеді.
Мельничук Телеграмдағы арнасында: «1993 жылы 9 шілдеде Тегеранда жасалған Украина үкіметі мен Иран Ислам Республикасы үкіметі арасындағы әуе қатынасы туралы келісім тоқтатылды», — деп жазды.
Дегенмен, екі ел арасындағы әуе қатынасы 2020 жылы ирандық әскерилер Украина халықаралық әуе жолдарының ұшағын Тегеран әуежайынан ұшып шыққаннан кейін көп ұзамай атып түсіргеннен кейін тоқтатылған. Апат салдарынан 167 жолаушы мен 9 экипаж мүшесі қаза тапты. Содан бері азаматтық авиацияның тұрақты рейстері болған жоқ.












