АҚХА-дегі Ресей өкілі Михаил Ульянов Иранмен келіссөз тек ядролық мәселемен шектеліп, зымыран мен аймақ мәселелері сұхбаттың күн тәртібіне кіргізілмеуі тиіс екенін баса айтты.
Еуразия Тудейдің хабарлауы бойынша Венада орналасқан Халықаралық ұйымдардағы Ресей өкілі Михаил Ульянов Х платформасында жариялаған жазбасында Иран Ислам Республикасы Сыртқы істер министрлігінің ақпарат хатшысы Ысмайыл Бақайидің мәлімдемесін растап, келіссөздердің тек Иранның ядролық мәселесімен шектеліп, басқа тақырыптар талқылауға кірістірілмеуі керек екенін қуаттады.
Иран Ислам Республикасы Сыртқы істер министрлігінің ақпарат хатшысы Ысмайыл Бақайи кеше өткен хабар брифингінде Иранның зымырандық бағдарламасы келіссөз үшін емес, елдің тәуелсіздігін қорғау үшін дамытылғанын айтып: «Шабуыл жасауға жоспар құрған басқыншыларды тежеу мақсатындағы Иранның қорғаныс әлеуеті талқылауды қажет етпейді», — деді.
Ульянов Бақайидің осы мәлімдемесіне реакция білдіріп: «Дұрыс. Келіссөздер тек ядролық мәселелерге ғана арналуы керек. Келіссөздерді аймақ қауіпсіздігі мен зымыран саласындағы тақырыптарға кеңейту мақсатындағы кез келген әрекет барлық үдерісті қисыныз әрі пайдасыз етеді», — деді.
Иран СІМ-нің баспасөз хатшысы бұл мәлімдемені кейбір БАҚ-да «Нетаньяху Трампты «Иранға зымырандық бағдарламасын дамытуда» дегенді сылтауратып, шабуыл жасауға көндіруге талпыныс жасауда» деп жарияланған мәлімет туралы сұраққа жауап бергенде жасады.
Бақайи сөзінің жалғасында: «Бұл жерде айқын екіжүзділікпен бетпе-бет келіп отырмыз. Иранның қорғаныстық зымыран бағдарламасы қауіп ретінде қарастырылып, ал геноцид жасап, екі елдің аумағын басып алып, соңғы бірнеше айда жеті мемлекетке шабуыл жасаған сионистік режимге арғы жақтан қырып-жоятын, жаппай қыратын қару-жарақ ағылып келуде», — деді.














