Кеше, сағат 11:00 шамасында Бішкек қаласындағы «Фрунзе-1» әуе базасында тікұшақ апатты жағдайда жерге қонды.
Қырғызстан Республикасы Қорғаныс министрлігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, Достук ауылының маңындағы Қырғызстан әуе қорғанысы күштерінің әскери бөлімі аумағында өткен жаттығулар кезінде орын алған апат салдарынан бір адам көз жұмды.
Оқу-жаттығу барысында апаттан зардап шеккен 10 адамның 4-і шұғыл реанимацияға жатқызылды. Қалған жарақат алғандардың жағдайы орташа деңгейде.
Ми-8МТВ тікұшағы апатының себептерін анықтау үшін комиссия құрылып, апат себептері анықталуда.
Ресейде шығарылатын МИ-8 тікұшағының қос қозғалтқышы бар. Тікұшақтың алғашқы моделі 1960 жылдардың басында құрастырылған. Бүгінде бірқатар елде қолданылатын МИ-8 тікұшағының 12 мыңнан астам нұсқасы шығарылады.












