Қытай Қазақстанмен шекарасындағы «Қорғас» шекара маңынан Орталық Азия елдері үшін мотоциклдердің ірі өндірісін ашты.
Бұл туралы Қытайдың «Жэньминь жибао» басылымы хабарлады.
Қытайдың онлайн «Халық газетінің» мәліметінше, кәсіпорын Шыңжаңның еркін сауда пилоттық аймағында орналасқан.
Аталмыш кәсіпорын Кingold жаңа энергетика саласындағы қытайлық технологиялық компанияға тиесілі.
Орталық Азия нарығына бағытталған мотоциклдердің ірі өндірісін ашу Шыңжаңның алғашқы ірі жобасы болып табылады.
Мұнда негізінен мотоциклдер мен мопедтер және үш дөңгелекті мотоциклдер шығарылады.
Кәсіпорын алғашқы 1200 бірлігін Қазақстанға жөнелтуді жоспарлап отыр.
Кәсіпорын қазірдің өзінде 20 000-нан астам өнімге тапсырыс алған.
Сондай-ақ, кәсіпорын болашақта бір мотоцикл өндірісінде пайдаланылатын бөлшектердің 60 пайызын Шыңжаңда шығаруды жоспарлап отыр. Компания басшысы Юань Чжионың айтуы бойынша, бұл өнімнің өзіндік құнын едәуір төмендетуге және оның нарықтағы бәсекеге қабілеттілігін арттыруға мүмкіндік береді.












