Үш жылдан бері тоқтап тұрған «Қорғас» орталығы қайта іске қосылады. Пандемия басталғалы бері жұмысы тоқтап тұрған «Қорғас» шекара маңы ынтымақтастығы халықаралық орталығы жақында өз жұмысын қайта бастайды.
«Өздеріңіз білетіндей, «Қорғас» ШЫХО әлемдегі эпидемиологиялық жағдайға байланысты жұмысын тоқтатқанына 3 жылдан астам уақыт өтті. Осы үш жыл ішінде Басқарушы компания Орталықтың қызметін жақсарту және барлық бизнес-процестерін жаңғырту бойынша ауқымды жұмыстар атқарды», — делінген Жетісу облысы әкімдігінің баспасөз қызметінің хабарламасында.
Ведомствоның ақпаратына сәйкес, «Қорғас» орталығы 24 сәуірден бастап қайта өз жұмысын бастайды.
«Қорғас» орталығында Қазақстан мен Қытай тараптарының өкілдері саудамен айналысады. Ол жерде көптеген сауда орындары орналасқан. Баға нарықтан бірнеше есе арзан.
«Қорғас» шекара маңы ынтымақтастығы халықаралық орталығы –теңдесі жоқ Қазақстан Республикасы мен Қытай Халық Республикасының бірлескен әрі бірегей жобасы.
«Қорғас» шекара маңы ынтымақтастығы халықаралық орталығы — Қытайдың көрші елдермен бірлесіп құрған алғашқы трансшекаралық аймағы.



















