Оңтүстік Кореяның қызметінен шеттетілген бұрынғы президенті Юн Соктың қылмысын қарайтын соттың алғашқы отырысы бүгін өтеді.
Еуразия Тудейдің Yonhap агенттігіне сілтеме жасап хабарлауы бойынша Сеулдің орталық аудандық сотының 417-ші сот залында осы елдің бұрынғы президенті Юн Сок Йольдың соты жергілікті уақыт бойынша бүгін, сәуірдің 14 күні таңертеңгі сағат онда өтеді.
Қақтығыстар мен митингілерді болдырмау үшін Юнға соттың жерасты кіреберісінен енуге рұқсат етіледі және ғимараттың айналасында қосымша қауіпсіздік шаралары күшейтіледі.
Алайда журналистерге сот үдерісі басталмас бұрын сот залында суретке түіруге рұқсат берілмеген.
Оңтүстік Кореяның бұрынғы президенті Юн Сок Юл қызметінен шеттетілгенінен небәрі 10 күннен кейін сот алдында жауап береді.
Осы мәлімет бойынша Юн Сок Йоль сотталатын Оңтүстік кореяның бесінші президенті болады.
Юн Сок Йоль тағылған айыптармен сотталған жағдайда оған өлім жазасы немесе мәңгілікке бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалады.
Айта кетейік, Юн Сок Йоль 2024 жылдың желтоқсан айында әскери үкімет жариялаған болатын.












