Иран Ислам Республикасының бұрынғы Сыртқы істер министрі Мохаммад Джавад Зариф әлемнің Иранның күшін мойындап, бойұсынуы қажеттігін мәлімдеді.
Еуразия Тудейдің хабарлауы бойынша, бұл туралы Мохаммад Джавад Зариф “Doha Forum 2025” конференциясы барысында сөйлеген сөзінде айтты.
Иран Ислам Республикасының бұрынғы Сыртқы істер министрі Мохаммад Джавад Зариф «Иран әлсіз» деген тұжырымды үзілді-кесілді теріске шығарып, елінің аймақтағы ең ықпалды және тәуелсіз мемлекеттердің бірі екенін баса айтты.
Сарапшылар, дипломаттар және халықаралық ұйымдардың өкілдері алдында сөйлеген сөзінде Зариф Иран Ислам Республикасының әскери-саяси әлеуетінің аймақта теңдесі жоқ екенін, ұлттық қауіпсіздік жүйесінің тұрақтылығы бірнеше рет дәлелденгенін қуаттады.
Иран Ислам Республикасының бұрынғы Сыртқы істер министрі Америка Құрама Штаттары мен Израильдің Иран нысандарына жасаған шабуылдарына тоқталып, Тегеранның Израильге ауыр соққы беру қабілетін көрсеткенін айтты.
Зариф Американың Иран нысандарына шабуыл жасамас бұрын Пентагонның Батыс Азия базаларынан кейбір әскери қызметкерлерін эвакуациялауы Иранның күші мен мүмкіндігін тікелей мойындауының дәлелі екенін баса айтты.
Зариф сөзінің жалғасында: “Иран мықты. Иранның әлеуеті бар. Бұл әлеует Иранда әу бастан болған. Ол сырттан әкелінбейді. Біз қауіпсіздікті сатып алмаймыз. Әркім осы шындықты мойындап, Иранмен ынтымақтастықты бастағаны жөн”,-деді.














