Иран Президентінің стратегиялық істер бойынша орынбасары Мохаммад Джавад Зариф Давоста өтетін Дүниежүзілік экономикалық форумға қатысу үшін Швейцарияға аттанды.
Еуразия Тудейдің хабарлауы бойынша Иран Президентінің стратегиялық істер бойынша орынбасары Мохаммад Джавад Зариф 55-ші Давос-2025 Дүниежүзілік экономикалық форумына қатысу үшін бүгін, таңертең Швейцарияға жол тартты.
Зариф осы сапары барысында форумның бағдарламалары мен әртүрлі аймақтық және жаһандық мәселелер бойынша жоспарланған дөңгелек үстелдерге қатысумен қатар, CNN арнасының жүргізушісі Фарид Закариямен форумның негізгі сессияларының бірінде сұхбаттасады деп жоспарланған.
Айта кетейік, Давос-2025 Дүниежүзілік экономикалық форумның 55-ші отырысы бүгін, 20 қаңтардан бастап Швейцарияның Давос қаласында «Зияткерлік заман үшін ынтымақтастық» ұранымен әлем елдерінің жоғары лауазымды мемлекеттік және жеке сектор өкілдерінің қатысуымен бес күн бойы өтеді.
Айта кетейік, Иран СІМ-нің ақпарат хатшысы Бақайи баспасөз маслихатында тілшілердің “Давос форумына неліктен Зариф қатысады?” деген сұрағына: “Әртүрлі жылдары (бұл форумға.Ред.) әртүрлі жауапты тұлғалар қатысып келеді. Үкімет құрылымында Зарифтің орны айқын. Арақчи БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің саммитіне қатысу үшін барады деп жоспарланған”,- деді.
Айта кетейік, алайда Иран Сыртқы Істер Министрі Сейед Аббас Арақчидің Нью-Йоркке сапары жүзеге аспады. СІМ баспасөз хатшысы Бақайи оның себебін уақыттың шектеулігімен байланыстырды.














