Тегеран-Баку экономикалық комиссиясының он алтыншы отырысы Тегеран қаласында өз жұмысын бастайды.
Еуразия Тудейдің хабарлауы бойынша, қаңтардың 22-23 күндері Тегерандағы “Espinas” қонақүйінде Иранның Жол және қала құрылысы министрі Фарзане Садеқ пен Әзірбайжан Премьер-министрінің орынбасары Шахин Мұстафаевтың қатысуымен Иран-Әзірбайжан бірлескен экономикалық комиссиясының 16-шы отырысы өтеді.
Фарзане Садеқ пен Шахин Мұстафаевтың тең төрағалығымен өтетін Тегеран мен Баку арасындағы экономикалық ынтымақтастық жөніндегі бірлескен комиссияның 16-шы отырысына Әзірбайжан Республикасының 40 адамнан тұратын делегациясы қатысады.
Әзірбайжандық делегация ирандық ресми тұлғалармен отырыс аясында көлік, банк ісі, инвестиция, энергетика, туризм және т.б. қоса алғанда, түрлі экономикалық мәселелер мен тақырыптарды, сондай-ақ мәдениет пен коммуникация мәселелерін талқылайды.
Барлық мәселелер қарастырылғаннан кейін тиісті саладағы екіжақты байланысты одан әрі кеңейту мақсатында экономикалық ынтымақтастық жөніндегі Иран-Әзірбайжан бірлескен комиссиясы төрағаларының қатысуымен өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылады.

















