Иранның бұрынғы Сыртқы істер министрі Мохаммад Джавад Зариф биылғы Нобель бейбітшілік сыйлығын БҰҰ-ның адам құқықтары жөніндегі арнайы баяндамашысы Франческа Альбанезеге беруді ұсынды.
Еуразия Тудейдің хабарлауы бойынша, Мұхаммад Джавад Зариф Х платформасындағы парақшасында АҚШ-тың Газа халқына қарсы қылмыстардағы рөлі туралы мәлімдемелері үшін БҰҰ-ның адам құқықтары жөніндегі арнайы баяндамашысы Франческа Албанезеге АҚШ-тың санкция салғанына сілтеме жасап: «АҚШ Сириядағы «Әл-Каиданың» жетекшісін лаңкестер тізімінен шығарып, БҰҰ-ның адам құқықтары жөніндегі арнайы баяндамашысына санкция салды. 1984 жылы АҚШ Саддамды лаңкестер тізімнен шығарып, Иранды оған қосқандағыдай іс жасады» деп жазды.
Айта кетейік, Зариф парсы және ағылшын тілдерінде жариялаған твитінде «Альбанезеге Нобель бейбітшілігі сыйлығы» хэштегін пайдаланған.















