Өзбекстанның «Навоийуран» мемлекеттік кәсіпорны мен Қытайдың Ұлттық ядролық корпорациясы CNNC арасында уран өндіру және уран өнеркәсібін дамыту саласында стратегиялық ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.
Бұл туралы Өзбекстанның Тау кен өнеркәсібі және геология министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Меморандумға «Навоийуран» мемлекеттік кәсіпорнының бас директоры Д.Файзуллаев пен CNNC корпорациясы вице-президенті Шэнь Яньфэн Бейжіңде өткен табиғи уран өнеркәсібін дамыту жөніндегі бірінші халықаралық форум аясында қол қойды.
Сондай-ақ, диалог барысында уран өнеркәсібіне қатысты басқа да инвестициялық жобаларды жүзеге асыру мәселелері бойынша пікір алмасу болды.
Айта кетейік, «Навоийуран» мемлекеттік кәсіпорны Өзбекстан Республикасының Қызылқұм облысындағы табиғи уран өндіру және уран оксидін экспорттаумен айналысады. МАГАТЭ Дүниежүзілік ядролық қауымдастығының мүшесі.
Қытайдың Ұлттық ядролық корпорациясы CNNC осы елдегі жалғыз ірі уран өндіруші саналады.











