Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиеев Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпиннің шақыруымен 17-18 қазан күндері «Бір белдеу, бір жол» үшінші халықаралық форумның шараларына қатысу үшін жұмыс сапарымен Бейжің қаласына барады.
Мерейтойлық саммиттің күн тәртібінде сауда-экономикалық ынтымақтастықты одан әрі дамыту, көлік-коммуникациялық өзара байланысты нығайту, жасыл даму бағдарламаларын ілгерілету, цифрландыру және т.б. мәселелер бар. Соңғы он жылдағы көпжақты әріптестіктің негізгі қорытындылары шығарылып, болашақтағы ынтымақтастықтың жаңа міндеттері айқындалады.
Өзбекстанның Мемлекет басшысы форумның пленарлық отырысында негізгі баяндама жасап, «Бір белдеу, бір жол» бастамасы аясындағы халықаралық ынтымақтастықтың өзекті мәселелеріне көзқарасын баяндайды деп жоспарланған.
Президенттің бағдарламасында сондай-ақ Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпинмен және Қытай Халықтық саяси консультативтік кеңесінің төрағасы Ван Хунинмен келіссөздер жүргізу және басқа да екіжақты кездесулер қарастырылған.












