Өзбекстан Республикасының Сыртқы істер министрі Бахтиёр Саидов Астанаға ресми сапармен келді.
ҚР СІМ-нің Телеграм арнасындағы хабары бойынша сапар бағдарламасына сәйкес Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевпен кездесу, сондай-ақ Премьер-Министрдің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеумен екіжақты келіссөздер жоспарланған.
Қазақстан Республикасы мен Өзбекстан Республикасы арасындағы дипломатиялық қарым қатынас 1992 жылғы 23 қарашада орнатылды.
Қазақстан Республикасы мен Өзбекстан Республикасы 1998 жылғы 31 қазанда Мәңгілік достық туралы шартқа, 2013 жылы 14 маусымда Стратегиялық әріптестік туралы шартқа қол қойды.
Қазақстан мен Өзбекстан үшін сауда байланысы экономикалық өзара іс-қимылдың негізгі бағыты саналады.












