Ташкентте 8-9 қарашада Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиеевтің төрағалығымен Экономикалық ынтымақтастық ұйымының (ЭЫҰ) он алтыншы саммиті өтеді.
ӨР Президенті баспасөз қызметінің хабарлауынша шараға Әзірбайжан, Иран, Қазақстан, Қырғызстан, Пәкістан, Тәжікстан, Түркіменстан және Түркияның мемлекет және үкімет басшылары қатысады деп күтілуде.
Күн тәртібіне сәйкес ЭЫҰ аясында сауда-экономикалық, инвестициялық, көлік-коммуникациялық және гуманитарлық ынтымақтастықты одан әрі кеңейту, сондай-ақ осы көпжақты құрылымның қызметін жетілдіру мәселелері қаралады.
Саммит бағдарламасы аясында Өзбекстан басшысы бірқатар екіжақты кездесулер өткізеді.
Айта кетейік, Экономикалық ынтымақтастық ұйымы 1985 жылы Тегеран қаласында тұрақты хатшылығымен құрылған.
Өзбекстан Республикасы 1992 жылдан бастап ЭЫҰ-ның мүшесі.















