Украина Президенті Владимир Зеленский Қазақстан Президенті Тоқаевқа Қазақстанның қоғамдық ұйымдары арқылы еліне көрсетілген гуманитарлық көмегі үшін ризашылығын білдірді.
Ақорданың хабарлауынша Украина тарапының бастамасы бойынша Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 2024 жылғы 2 ақпанда Украина Президенті Владимир Зеленскиймен телефон арқылы сөйлесті.
Украина Президенті таяуда Швейцарияның Давос қаласында 80-нен астам елдің өкілдері қатысқан «Бейбітшілік формуласы» атты кездесудің қорытындысы және Швейцарияда өтетін кезекті жаһандық саммитке дайындық барысы жөнінде жан-жақты мәлімет берді.
Сонымен қатар мемлекеттер басшылары Қазақстан мен Украина арасындағы гуманитарлық, сауда-экономикалық байланыстарды дамыту мәселелерін талқылады.












