Жаңа Зеландия Сыртқы істер министрі Уинстон Петерс Украинаға қолдауды жалғастыратынын және әскери көмектің ұлғайғанын мәлімдеді.
Жаңа Зеландияның ресми сайтындағы мәліметке сәйкес, Питерс: «Соғыс адам өміріне ауыр зардап, орасан зор қасірет әкеліп, аймақтық және жаһандық тұрақтылыққа айтарлықтай әсер етті. Сондықтан Жаңа Зеландия Украинаға қолдау көрсетуге дайын», — деді.
Жаңа Зеландия бұл жолы Украинаға 25,9 миллион жаңазеландиялық доллармен (16 миллион АҚШ доллары) қолдау көрсетті.
2022 жылдың 24 ақпанындағы Ресейдің Украинаға шабуылынан кейін Жаңа Зеландия 100 млн доллар (62 миллион АҚШ долларынан астам) қаржылай көмек көрсетуге уәде берді.
Осы мәлімет бойынша Жаңа Зеландия Қарулы Күштерінің 97 қызметкері украиндық сарбаздарды оқытуды және барлау, байланыс және материалдық-техникалық қамтамасыз етуді жалғастырады.
Жаңа Зеландия — Полинезиядағы экономикасы дамыған индустриалды ел. Астанасы Веллингтон қаласы.














