Түркіменстанның Мақтымқұлы атындағы Тіл, әдебиет және Ұлттық қолжазбалар институтының ғалымдары Үндістаннан аса құнды 69 қолжазбаның электрондық көшірмесін әкелді.
Бұл туралы «Түркіменстан: Алтын ғасыр» басылымы хабарлайды.
Басылымның мәліметіне сәйкес, институт ғалымдары Үндістанға түрікмен халқының тарихы мен мәдениетін зерттеу үшін ғылыми іссапармен барған.
Үндістанның жетекші кітапханалары мен мұражайларының қорларында ғылыми ізденістердің нәтижесінде түркімен ғалымдары Түркіменстанда бұрын белгісіз болған тарихи құжаттарды, әдеби шығармаларды және түркімен халқының тарихына қатысы бар басқа да жазба дереккөздерін тапты.
Ең құнды қолжазбалар қатарында Байрам ханның өз қолымен жазған жазбалары және Кутб шах әулеттерінің негізін қалаушылардың қолжазбалары, медицина, жылқы шаруашылығы және садақ ату туралы трактаттар бар.
Сапар барысында түркімен ғалымдары үндістандық әріптестерімен түркімен әдебиетін, соның ішінде Мақтымқұлы Фрағидың шығармашылық мұрасын зерттеу бойынша ынтымақтастық орнатуға уағдаласты.
Айта кетсек, биыл Мақтымқұлы Фрағидің 300 жылдығы ЮНЕСКО-ның қолдауымен әлемдік деңгейде кеңінен аталып өтуде.

















