Қырғыз Республикасының Президенті Садыр Жапаров Татарстанда бүгін, 21 ақпанда өтетін «Болашақтың ойындары» халықаралық турнирінің ресми ашылу салтанатына қатысады.
20 ақпанда Ресей Федерациясына жұмыс сапары аясында Татарстан Республикасына келген Президент Садыр Жапаровты Қазандағы Ғ.Туқай атындағы халықаралық әуежайда Татарстан Республикасының Президенті Рустам Минниханов және басқа да ресми тұлғалар қарсы алды.
Сонымен қатар, шара аясында Қырғызстан президенті Садыр Жапаров пен Ресей президенті Владимир Путин және Татарстан Республикасының басшысы Рустам Минниханов арасында екіжақты кездесулер өтеді.
Естеріңізге сала кетейік, «Болашақ ойындары» көпспорттық халықаралық турнирдің ресми ашылу салтанатына бірқатар шетелдік мемлекет басшылары, көрнекті халықаралық және қоғам қайраткерлері, ірі IT-компаниялардың басшылары келеді деп күтілуде.














