Күз — жылдың ең әдемі әрі өте тамаша мезгілі. Қай елдерде күз ерекше әдемі?
Күзгі табиғаттың барлық сұлулығы мен қайталанбас көрінісін ашатын ең керемет орындармен танысыңыз.
Венгрияда күзгі кезеңде ауа райы тамаша болады. Сондай-ақ Венгрияда күз мезгілінде мерекелер, жәрмеңкелер көбейеді және демалыс билеттері мен жергілікті қонақ үйлердің бағасы төмендейді екен. Әр күн қала саябақтарында серуендеуге, көптеген мұражайларға, галереяларға немесе көркем Дунайға саяхат жасауға өте қолайлы болады.
Сондай-ақ, қазан айында шұжықтар мен дәстүрлі жеміс сусындары фестиваліне қатысуға болады. Ал, қараша айында қала халқы шарап пен сырға арналған Рождестволық жәрмеңкелер және жергілікті мерекелерді атап өтеді. Соның бірі-«Әулие Мартин күні» дәстүрлі венгр аспаздарының ғажайып дәмдерінен ауыз тие аласыз.
Күз мезгілі Барселонаны өз ерекшеліктерімен әрлейді және осы атақты қаланың нағыз келбетін тану үшін барлық қызықты жерлерді аралауға болатын тамаша уақыт келеді. Мысалы қалада орналасқан: Триумфальды арка, «Тибидабо» төбесі, Санта Мария дель Пи-ге арналған готикалық шіркеу, «Моссен Коста және Льобер» бақтары, «Әулие отбасы» ғибадатханасы, «Педральбес» монастырі, Каса Мила, «үлкен Лисеу» театры, аквариумдер, мұражайлардың түр-түрі және т.б. Сонымен қатар, жаз мезгілінде барған демалушылар үшін мұның бәрімен танысу мүмкін болмайды. Себебі, ол кезде қалаға өте көп туристер ағылып келіп жатады. Сондықтан күзді таңдаған дұрыс. Сонымен қатар, осы жылы қазан айының 28-і күні өтетін «Камп Ноу» стадинонындағы футбол әлеміндегі ең тартысты ойын – «Эль-Классиоға» тап болуыңыз мүмкін. Ойында әлемнің ұлы клубтары жергілікті «Барселона» және Мадридтік «Реал» командалары кездесетін болады.
Күз жазды қалай ауыстыратынын көру үшін Ослоға бару керек. Себебі, әдемі саябақтар, Осломарктің кең орманды аймағы күзгі кезеңде көзді түрлі бояулардың: жасыл, қызыл, сары түстерінің бай үйлесімімен баурап алады.
Сондай-ақ, айналадағы табиғат пен қаладағы тыныштық сіздің көңіл-күйіңіздегі «алда қыс күтіп тұр» деген ойдың жоғалуына әсерін тигізеді. Ал егер, ғажайып орындармен демалғыңыз келсе, онда опералық театрларға, викингтердің кеме мұражайларына, киелі Троицаның шіркеуі мен әулие Олаф қамалына баруға болады.
Канададағы Агава шатқалы — Онтарио провинциясындағы Agawa Canyon park ұлттық саябағының бір бөлігі. Туристер бұл таңғажайып жерге арнайы вагондармен келеді. Шатқалда жабайы табиғат сақталған. Шатқал күзде жапырақтары алтын түстес, қызғылт сары және қызыл түстерге айналған кезде әдемі кейіпке енеді.
Жапониядағы ежелгі Нара қаласы күзгі сұлулығымен танымал. Мұнда алуан түрлі жапырақтары бар үлкен саябақ бар. Алтын, сары және қызыл жапырақтар Тамукеяма ғибадатханасына апаратын жолдарды жауып тұрады. Момидзи-гари немесе Койо — күзде жапырақтары сары, қызғылт сары, қою қызыл немесе қоңыр түске айналған кезде жапондық жапырақтарды тамашалау дәстүрі. Қытайдағы Хуаншань тауларының шыңдарын Сары таулар деп те атайды.
Қазан айында ерекше қызыл жамылғымен көмкерілетін бұл таулар туристер мен фотосуретшілерді қызықтырмай қоймайды. Ал жеңіл, ақ үлпек бұлттар бұл көрініске Қытайға тән эфемерлік атмосфера сыйлайды. Тауда серуендеуге ең жақсы уақыт — таң атып келе жатқанда. Бұл кезде күзгі жапырақтар күн сәулесімен жарқырайды.
Ал, алматылықтар үшін ең әдемі суретке түсетін орын Іле Алатауының інжу-маржаны саналатын Үлкен Алматы көлінің баурайы.
Үлкен Алматы көлі – Алматы қаласынан оңтүстікке қарай 28 шақырым қашықтықта орналасқан Іле Алатауының жотасындағы көл. Теңіз деңгейінен 2497 метр биіктікте орналасқан көлдің сұлулығында сөз жоқ. Көлдің күз мезгіліндегі көрінісі ғажап. Адамның көңіліне ерекше әсер береді.












