Еуроодақтың сыртқы істер ведомствосының басшысы Жозеп Боррель «БҰҰ жүйесі вето салдарынан тарықты және вето қақтығыстарды қолдайды» деп санайды.
Еуразия Тудейдің хабарлауы бойынша, Еуроодақтың сыртқы істер ведомствосының басшысы Жозеп Боррель қауіпсіздік мәселелеріне арналған Брюссельдегі Шуман форумында сөйлеген сөзінде: «Біз жоғары қарқынды классикалық соғыстың қайта оралғанына куә болып отырмыз. Танктермен, ұшақтармен, жарылыстармен жоғары қарқынды ұрыстар тек Украина мен Газада жүріп жатқан жоқ. Африкада, Латын Америкасында және Үнді-Тынық мұхиты аймағында да тұрақсыздық байқалады», — деді.
Жозеп Боррель сөзінің жалғасында: «Бұл күндері біз гибридті қауіптердің көбеюін көріп отырмыз. Әлем елдері классикалық әскери қауіптерден басқа, жалған ақпарат пен манипуляциялар, негізгі инфрақұрылым нысандарына кибернетикалық шабуылдар және босқындарды көрші елдерге қарсы қаруға айналдыру әрекеттерінен туындайтын гибридтік қауіптерге тап болуда. Біз кибершабуылдардың куәсі болып отырмыз. Бүгінде бомбалаудың қажеті жоқ, кейде үлкен проблемаларды тудыру үшін бір ғана түймені басу жеткілікті. Бүкіл энергетикалық жүйені тіпті бомба тастамай-ақ тарықтыруға болады», деп қосты.
Еуроодақтың сыртқы істер ведомство басшысының айтуынша, Украинадағы соғыс Еуропадағы ең маңызды экзистенциалды қауіп болып табылады, ал Газа секторындағы соғыс ең маңызды моральдық мәселе болып табылады.
«Ресейдің Украинадағы жеңісі Еуропалық Одаққа үлкен қауіп төндіруі мүмкін. Халықаралық соттың шешімдері міндетті болып табылады. Еуропалық Одақтың барлық мүшелері осы ережелерді сақтауы керек. Олай болмаған жағдайда, ережелерге негізделген халықаралық тәртіп біз ойлағаннан әлдеқайда әлсіз», — деп атап өтті Боррель.
Жозеп Боррель: «Газа секторындағы жаңдай өте қорқынышты және мен бірнеше рет ескерткендей, бір сұмдық екінші сұмдықты түсіндере алмайды», — деп баса айтты.
Еуроодақтың сыртқы істер ведомствосының басшысы сөзінің келесі бір бөлігінде: » Украина мен Газа секторындағы соғыстан басқа да қақтығыстар мен соғыстар бар. 2022 жылы 56 ел қарулы қақтығысқа ұшырады. 2010 жылы 30 елде қақтығыстар болды. Бұдан соғыстың қарқындылығы артып келетінін байқауға болады. Суданда қанша құрбан болды, Африкада қанша құрбан болды. Иә, әлем «бірыңғай қауіпсіздік театрына» айналып барады», деді.
Жозеп Боррель әлемде кем дегенде үш маңызды қауіпсіздік нүктесі бар екенін атап өтті. Олар: Босфор, Қызыл теңіз және Тайвань. Еуроодақтың сыртқы істер ведомствосының басшысы әрі қарай: «Біз әлемдегі кеме қатынасының 40 пайызы транзитпен өтетін Аден шығанағында не болып жатқанын көріп отырмыз. Бұл, әрине, бүкіл әлемге әсер етеді. Біз Үнді-Тынық мұхиты аймағында күнделікті қолданатын чиптердің 80 пайызы дерлік өндірілетінін көріп отырмыз. Біз цифрлық деректерді беру үшін өте қажет өмірлік маңызды материалдардың қай жерде бар екенін көріп отырмыз және келісім мен консенсус деп айтуға болатын нәрселер азайып барады», — деп баса айтты.
Боррель: «БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінде не болып жатқанын елестетіңіз. Келісім жоқ, тек вето бар. БҰҰ жүйесі ветодан тарықты және вето қақтығыстарды қолдайды. Бұл қақтығыстар адамдардың өмірін қияды, сенімсіздіктерін арттырады және бұл қақтығыстар бәрімізге моральдық сұрақтар тудыруы мүмкін», — деді.



















