Зохран Мамданидің тарихи жеңісі тек Америка үшін ғана емес, бүкіл әлемдік жүйе үшін де іргелі трансформациялардың басталуын білдіреді.
Еуразия Тудейдің хабарлауы бойынша, бұл туралы Қырғыз Республикасы Экономика министрінің бұрынғы кеңесшісі, саясаттанушы Исмаил Даиров жазды.
Келесі жылдың 1 қаңтарында ресми түрде қызметіне кірісетін Мамданидың Нью-Йорк мэрі болып сайлануы әлемдік деңгейдегі сенсация болды.
Сарапшы Исмаил Даиров атап өткендей, әлемнің жер-жеріндегі сарапшылар бұл жөнінде пікір білдірді.
Сарапшылардың бәрі бірауыздан демократиялық партия 2024 жылғы президенттік сайлаудағы сәтсіздіктің жойқын салдарларын еңсере алғанын атап өтті. Даировтың айтуынша, Мамдани ішкі ауыр дағдарыстан кейін партияның бытыраған фракцияларын біріктіре алған сирек саясаткер болды.
Мамданидың Дональд Трамптың туған қаласында жеңіске жетуі екі есе символдық мәнге ие. Бұл жеңіс Америка Құрама Штаттарының Республикалық партиядағы дағдарысы мен MAGA қозғалысы жақтастарының қазіргі президентке жаппай көңілдері қалу жағдайында орын алып отыр.
Сарапшы Даировтың айтуынша, ендігі шешуші кезең Мамданидың сайлауалды уәделерінің іс жүзінде орындалуымен байланысты болады. Егер жаңа мэр өзінің бағдарламалық риторикасын саясаткерлерге тән бос декларациялармен шектемей, нақты әрекеттерге айналдыра алса, әлеуметтік қайшылықтар қайнау шегіне жетуі мүмкін.
Даиров мақаласында: “Халықаралық сарапшылардың басым бөлігінің пікірінше, Мамданидың қала мэрі болып сайлануы Америка Құрама Штаттарының жаһандық позициясын одан әрі әлсіретеді. Мамданидың жеңісі әлемдік контекстте қосымша маңызға ие болуда. Ол қазіргі заманның жаңа гуманистік үрдісін қалыптастырып жатқан оқиғалар тізбегіне үйлеседі. Чили мен Колумбиядан бастап, Испания мен Оңтүстік Кореяға дейін әлеуметтік-экологиялық бағдарламаларға, демократияның жаңа формаларына, қалалық өзін-өзі басқаруға деген қызығушылық артып келеді”, — деп жазды.
Егер Мамдани өз идеяларының тек бір бөлігін болса да жүзеге асыра алса, Нью-Йорк XXI ғасырдың жаңа үлгісіне айналуы мүмкін.












