Ирландия сәрсенбі күні Халықаралық Әділет сотында Израильдің Газадағы геноцидіне қарсы Оңтүстік Африканың шағымына қосылатынын мәлімдеді.
Евразия Тудейдің Рейтерс агенттігіне сілтеме жасап хабарлауынша, Ирландия Сыртқы істер министрі Майкл Мартин мәлімдемесінде: «Кепілге алу. Гуманитарлық көмектің бейбіт тұрғындарға жетуіне қасақана кедергі жасау. Адамдарға және азаматтық инфрақұрылымдарды нысанаға алу. Адам көп қоныстанған елді мекендерде жарылғыш қаруды өз бетінше қолдану. Азаматтық құралдарды әскери мақсатта пайдалану. Барлық адамдарды ұжымдық жазалау. Бұл тізім жалғасуда. Бұл әрекеттерді тоқтату керек. Халықаралық қауымдастықтың көзқарасы айқын: енді жетеді» деп жазды.
Мартин Ирландияның бұл іске қандай формада қатысатынының егжей-тегжейін түсіндірмеді.
Ирландияның Сыртқы істер министрлігі үшінші тараптың араласуы міндетті түрде тараптардың бірін қолдау дегенді білдірмейтінін, бірақ мұны Ирландияға Геноцидке қарсы 1948 жылғы конвенцияның бір немесе бірнеше тармағы бойынша өз түсіндірмелерін ұсыну үшін мүмкіндік деп атады.
Оңтүстік Африка палестиналықтарға қарсы геноцид жасағаны үшін Израильдің үстінен Халықаралық сотқа шағым түсірді. Бұл сот қаңтар айында үкім шығарып, «Израиль Геноцидке қарсы конвенцияға қарсы келетін кез келген әрекеттен бас тартуы керек» деп жариялады.
Сонымен қатар, Никарагуа Германияны сионистік режимге қаржылай және әскери қолдау көрсеткені және БҰҰ-ның Палестиналық босқындарға көмек көрсету және жұмыс жөніндегі агенттігіне (UNRWA) қаржылай көмек көрсетуді тоқтатуы арқылы геноцидке ықпал еткені үшін Халықаралық сотқа берді.
Сондай-ақ төрт еуропалық мемлекет: Словения, Мальта, Ирландия және Испания осы соғыс жүріп жатқан аймақта «бейбітшілік пен қауіпсіздікке қол жеткізудің жалғыз жолы» ретінде тәуелсіз Палестина мемлекетін тануға дайын екендіктерін мәлімдеді.
Қазіргі уақытта Еуропалық Одаққа мүше 27 елдің тоғызы Палестинаның 1967 жылғы шекараларға негізделген, соның ішінде Батыс жағалау, Газа секторы және Шығыс Бейт ул-Моқаддас кіретін аумақта мемлекет құру құқығын мойындайды.















