Мәскеу түбіндегі Крокус Сити Холлдағы теракт құрбандарының саны 137 адамға жетті.
Евразия ТудейДің Ресей Федерациясы Тергеу комитетінің Telegram ресми арнасындағы мәліметіне сілтеме жасап хабарлауы бойынша Мәскеу түбіндегі Крокус Сити Холлдағы лаңкестік болған жерден 137 адамның мәйіті табылған. Олардың үшеуі балалар.
«Осы уақытқа дейін 62 мәйіт анықталды. Қалған зардап шеккендердің жеке басын анықтау үшін генетикалық сараптама жүргізілуде», — деп жазылған хабарламада.
24 наурызда Крокус Сити Холлдағы лаңкестік әрекетке қатысы бар деген күдіктілер Брянск облысында бірнеше сағат өткен соң ұсталып, Мәскеудің Басманный аудандық сотына жеткізілді.
Еске салайық, 22 наурыз күні Мәскеу түбіндегі Crocus City Hall ғимаратына пулемет асынған адамдар басып кірді. Олар бейбіт адамдарға оқ жаудырып, бірнеше жарылыс жасады, содан кейін өрт басталды.
Ресей президенті Владимир Путин Крокусқа жасалған шабуылды «қанқұйлы және айуандық лаңкестік әрекет» деп атап, 24 наурызды Ресейде жалпыұлттық аза тұту күні деп жариялады.












