Ресей шабуылы басталғаннан бері Украинаның 37 мыңға жуық адамы із-түзсіз жоғалған.
Еуразия Тудейдің VOA торабындағы мәліметке сілтеме жасап хабарлауы бойынша Украина билігі 2022 жылдың ақпан айында осы елге Ресей жаппай басып кіруді бастағаннан бері 37 мыңға жуық адамның із-түссіз жоғалғанын, олардың тағдыры белгісіз екенін мәлімдеді.
Киевтің мәліметіне сәйкес бұл тізімдегі санда балалар, бейбіт тұрғындар және әскери қызметкерлер бар.
Украина Жоғарғы Радасының адам құқықтары жөніндегі комиссары Дмитрий Лубинец бұл санға балалар, бейбіт тұрғындар және әскери қызметкерлер кіретінін, нақты санның бұдан да көп болуы мүмкін екенін айтты.
Оның айтуынша, бұл санға Украина мен Қызыл Крест Ресей «заңсыз ұстап отыр» деп таныған 700-ге жуық адам кіреді.
Хабар-ошарсыз кеткендердің нақты санын есептеу қиын, өйткені ресейлік күштер әлі де Украинаның бестен бір бөлігін басып жатыр. Оның үстіне екі жақ та әскери шығын туралы мәліметтерді жүйелі түрде жарияламайды.













