Қазақстан 22 наурыз күні Мәскеудегі «Крокус Сити Холл» концерт залында болған лаңкестік оқиғаны қатаң айыптайды.
Ақорданың баспасөз қызметінің хабарлауы бойынша Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бұл лаңкестік актіні қатаң айыптап, қажет жағдайда Ресейге көмек көрсететінін атады.
Қасым-Жомарт Тоқаев мүлде ақтауға келмейтін лаңкестік оқиға салдарынан бейбіт тұрғындардың қаза табуына байланысты Ресей президенті Владимир Путинге көңіл айтты.
Сонымен қатар, Мемлекет басшысы БҰҰ-н мүше мемлекеттерді бейкүнә азаматтарға қарсы зорлық-зомбылықтың бұл түріне қарсылық танытуға шақырды.
Айта кетейік, кеше, жұма күні кешке Мәскеудегі «Крокус Сити Холл» концерт залында белгісіз біреулер оқ атты. Оқиға болған жерде қолданылған жарылғыш заттар салдарынан өрт шықты.
82 адам қаза тауып, шамамен 115 адам жарақат алды. Жарақат алғандардың арасында балалар бар.
Мәскеу алдағы күндерге жоспарланған қаладағы іс- шараларды тоқтатты.



















