Иран Сыртқы істер министрі Хосейн Амир Абдоллахиан Америка жағына «Шынайы уәде» операциясы алдында және одан кейін хабарламалар жіберілгенін айтты.
Еуразия Тудейдің хабарлауы бойынша, Иран Ислам Республикасының Сыртқы істер министрі Хосейн Амир Абдоллахианға Нью-Йоркте «Иран Израильдің әрекеттеріне жауап ретінде «Шынайы уәде» операциясын орындағаннан кейін Америка Құрама Штаттарынан арнайы хабар болды ма және Иран Израильге жауап бергісі келген кезде Иран мен АҚШ арасында хабарламалармен алмасты ма? Тегеран мен Вашингтон арасында тұрақты байланыс арнасы, яғни Швейцария белсенді болды ма, әлде аймақтағы елдердің арналары белсенді болды ма?» деген сұрақтар қойылды.
Иран Сыртқы істер министрі сұрақтарға былай деп жауап берді: «Біз америкалықтарға Иран Ислам Республикасының ел президенті басқаратын Ұлттық қауіпсіздік жоғары кеңесіндегі Израильге жауап беру туралы түпкілікті шешімін ашық түрде жеткіздік. Операция алдында хабарламалар алмасылды, сондай-ақ, «Шынайы уәде» әрекеті аяқталғаннан кейін, осы аптаның дүйсенбі күні, шамамен сағат 02:30-да біз дипломатиялық арналар арқылы Америка Құрама Штаттарына тағы бір хабарлама жібердік. Америкаға аймақтағы шиеленісті күшейтуге ұмтылмайтындығымыз туралы анық және ашық айтуға тырыстық. Аймақтағы шиеленісті арттыратын нәрсе — Израиль режимінің әрекеттері» деді.
Иран Сыртқы істер министрі Хосейн Амирабдоллахиан БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің отырысына қатысу үшін бүгін, сәуірдің 18 күні Нью-Йоркке келіп жетті.
Хосейн Амирабдоллахиан Нью-Йоркке Иран Ислам Республикасының Палестинаның мазлұм халқына қолдау көрсетуі бойынша аймақтық және халықаралық кеңестің жалғасына қатысу мақсатында келді.












