Палестинаны жақтаушы наразылықтар мен шерулер АҚШ университеттерінде әлі жалғасуда.
Еуразия Тудейдің хабарлауы бойынша, Палестинаны жақтаушы студенттер мен профессорлар Израильдің Газа секторындағы қылмыстарына байланысты талаптары орындалғанға дейін тоқтамайтынын айтады.
Палестинаға қолдау білдірген студенттер университет басшыларының бірқатар шектеулері мен полицияның араласуына қарамастан Нью-Йорк университетінің кампусына қайта жиналды.
Наразылық білдірушілер Газа халқына қарсы соғысты, сонымен қатар АҚШ университеттерінің Израильмен байланысын үзуді талап етті. Нью-Йорк университеті студенттерінің наразылық акциясын Нью-Йорк халқы да қолдады.
Үлкен наразылық акцияларының бірі Чикаго университетінде де болды. Чикаго университетінің 65 жастағы профессорының қамауға алынуы наразылықтың күшеюіне әкелген.
Полицияның университет профессорына деген қарым-қатынасы студенттер мен басқа да профессорлардың ашуын туғызды.
АҚШ-тың колледждері мен университеттерінде диплом тапсыру рәсімдері кем дегенде 25 штаттағы 40-тан астам университетте 2100-ден астам адамның қамауға алынуына әкелген бірнеше аптаға созылған наразылықтардан кейін өтуде.
Палестинаны қолдауға бағытталған ынтымақтастық шерулері Ұлыбритания мен Ирландиядағы кампустарда да жалғасуда.


















