Қытайдың Вашингтондағы елшілігі Бейжің АҚШ-тың ұлттық қауіпсіздікті сылтауратып, екі ел қарым-қатынасындағы қоғамдық қолдауға нұқсан келтіріп, Қытай азаматтарын қорқыту және елінен шығаруды тоқтатуды қалайтынын мәлімдеді.
Еуразия Тудейдің Sputnik агенттігіне сілтеме жасап хабарлауы бойынша, Вашингтондағы Қытай елшілігінің баспасөз өкілі соңғы жылдары АҚШ-тың шекаралық бақылау қызметкерлері осы елге келуші Қытай азаматтарын үнемі және негізсіз қорқытып, шығарып жатқанын мәлімдеді.
Қытай елшілігінің баспасөз өкілі: «Бейжің АҚШ еліндегі ұлттық қауіпсіздікті сылтауратып, осы елге келуші Қытай азаматтарын қорқытуды, екі ел қарым-қатынасындағы қоғамдық қолдауды әлсіретуді тоқтатуға және екі елдің азаматтары арасындағы ынтымақтастық пен достық қарым-қатынастағы кедергілерді жоюға шақырады», -деді.
Сонымен қатар мәлімдемеде 2021 жылдың шілде айынан бастап 300-ға жуық Қытай азаматы, соның ішінде 70-тен астам Қытай студенттерінің АҚШ-тан шығарылғаны айтылды.
Өткен жылғы қараша айынан бері тек Вашингтон әуежайында қытайлық студенттерді қорқыту мен шығарудың 10 жағдайы тіркелген.
Қытайдың АҚШ-ғы елшілігінің мәлімдемесінде 2023 жылдың желтоқсан айында АҚШ-тың шекаралық бақылау қызметкерлері Қытайдың бір зерттеуші азаматын үш рет тексергені және әр тексеру барысында оның ұялы телефонын, компьютері мен басқа да заттарын 10 сағаттан тексергені айтылған.
Мәлімдемеге сәйкес, 2024 жылдың ақпан айында АҚШ-қа барған тағы бір қытайлық зерттеуші осы елге келген кезде Сан-Франциско халықаралық әуежайында 22 сағатқа ұсталған.
Қытайдың дипломатиялық органының қызметкері сөзінің жалғасында: «АҚШ-тың мұндай қадамы құқық қорғау органдарының қалыпты шеңберінен әлдеқайда асып, күшті идеологиялық бейімділікке байланысты жүзеге асырылуда. Қытайдың АҚШ-тағы елшілігі мен бас консулдығы бұл процеске наразылық білдіріп СІМ, Ұлттық қауіпсіздік кеңесіне, АҚШ-тың Ішкі қауіпсізді министрлігі мен Кеден және шекара күзеті департаментіне нота жіберілді»,- деп атап өтті.
Сонымен қатар елшілік АҚШ достық сапармен шақырылған Қытай шенеуніктерін де осы елге кіру немесе шығу кезінде әділетсіз қорқытқанын және олардан жауап алғанын атап өтті.
2024 жылдың 2 сәуірінде ҚХР төрағасы Си Цзиньпин АҚШ президенті Джо Байденмен телефон арқылы сұхбатта, екі ел арасында халықтар байланысын көбірек орнату үшін шара қабылдау қажеттігін атап өткен болатын.
Екі ел арасындағы шиеленіс 2022 жылдың тамыз айында Бейжіңнің ескертулеріне қарамастан, АҚШ Өкілдер палатасының спикері Нэнси Пелосидің Тайваньға сапарынан кейін күшейе түсті.
Бейжің Пелосидің сапарын сынға алып, мұны сепаратизмді қолдап, арал маңында ауқымды жаттығу өткізді деп атады.


















