ЕО өкілі Жозеп Боррель Вашингтонның Израильді қолдауына тоқталып, ЕО мүшелерін аймақта тұрақты бейбітшілікті қамтамасыз етуде ішкі келіспеушіліктерді еңсеруге шақырды.
Еуразия Тудейдің хабарлауы бойынша, бұл туралы Еуропалық Одақтың Сыртқы істер және қауіпсіздік саясаты жөніндегі Жоғарғы өкілі Жозеп Боррель БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің отырыстарында мәлімдеді.
Бейсенбі күні Еуропа күніне орай жарияланған мақаласында Жозеп Боррель БҰҰ құрылымын реформалауға шақырып, қыркүйек айында өтетін БҰҰ саммитінде осы маңызды мәселе бірінші кезекке қойылуы қажеттігін тілге тиек етті.
Жозеп Боррель Газа секторындағы гуманитарлық дағдарыс мәселесіне тоқталып, ЕО мүшелерін аймақта тұрақты бейбітшілікті қамтамасыз етуге көмектесу үшін ішкі келіспеушіліктерді еңсеруге шақырды. Ол сөзінде: «Бізде Еуропалық Одақ ретінде осы соғыста әскери қысым көрсету құралы болғанына қарамастан ықпалды бола алмаймыз», — деді.
ЕО өкілі: «Бұл келіспеушіліктерді еңсеріп, соғыс қимылдарын тоқтату, кепілге алынған тұтқындарды босату және екі мемлекет құру туралы шешімді түпкілікті жүзеге асыру үшін саяси процесті бастау үшін батыл әрекет етудің уақыты келді. Бұл- аймақта тұрақты бейбітшілік орнатудың жалғыз жолы» деді.
Жозеп Боррельдің айтуы бойынша, соғыстың аяқталуы адам өмірін, аймақтағы бейбітшілікті сақтау және қақтығыстардың таралуының ықтимал апатты салдарын болдырмау үшін ғана емес, сонымен қатар Еуропалық Одақтың қос стандарттары туралы айыптаулармен күресу үшін де қажет.
Еуропалық Одақтың Сыртқы істер және қауіпсіздік саясаты жөніндегі Жоғарғы өкілі «Егер біз Батыс Азияда бейбітшілік орнатуға көмектесе алмасақ, әсіресе Украинамен бетпе-бет келген жағдайда жаһандық қолдаудан айырылып қалу қаупі бар» екенін ескертті.
Жозеп Боррель Украинадағы соғысқа да тоқталып, Ресейге қарсы ұстанымдарын қайталап, Владимир Путиннің Украинаның тәуелсіздігін жойып, Киевте «қуыршақ режимін» орната алса, мұнымен тоқтап қалмайтынын және әлемдегі бейбітшілікке қауіп төндіретінін айтты.
Ол Ресейдің осы ел шекараларына жақын жерде НАТО күштерінің кеңеюіне қатысты қауіпсіздік алаңдаушылығын елемей «Путиннің жеңісі — бүкіл әлемдегі қуатты елдерге әлсіз көршілеріне өз еріктерін таңуға тырысуына мүмкіндік береді. Бұл құқыққа негізделген халықаралық жүйенің аяқталуы», деді.



















