Бүгін, наурыздың бесі күні Біріккен Ұлттар Ұйымының Адам құқығы кеңесі сионистік режимге қару-жарақ экспорттауға тыйым салу туралы қарарды мақұлдады.
Еуразия Тудейдің хабарлауы бойынша, Біріккен Ұлттар Ұйымының Адам құқықтары жөніндегі кеңесі жұма күні басқыншы режимге қару-жарақ экспорттауға тыйым салу және Израильді Газа секторында жасалуы мүмкін әскери қылмыстар мен адамзатқа қарсы қылмыстары үшін жауапкершілікке тартуға шақыратын қарар қабылдады.
Біріккен Ұлттар Ұйымының Адам құқығы кеңесі қарарды оң 28 дауыс, 6 қарсы, 13 қалыс дауыспен мақұлдады. Қарсы елдердің ішінде АҚШ пен Германия да бар.
Көпшілік дауыспен мақұлданған қарардың алғынұсқасын жақында Біріккен Ұлттар Ұйымының Адам құқықтары кеңесіндегі Пәкістанның тұрақты өкілі Билал Ахмад ұсынған болатын.
Бұл — Біріккен Ұлттар Ұйымының ең жоғары органының Газаға қарсы ең қанқұйлы соғысқа қарсы бірінші рет ұстанған позициясы.
Пәкістан өкілі осы отырыста сионистік режимге қару-жарақ экспорттауға тыйым салумен қатар, Газаға қарсы соғысты дереу тоқтатып, Газа халқына гуманитарлық көмек тезірек жетуі керектігін қуаттады.
Оңтүстік Африканың БҰҰ-дағы өкілі де Газадағы геноцидке жауаптылар сотталып, Израиль халықаралық соттың үкімін орындауы керектігін баса айтты.
ТАСС агентігінің мәліметі бойынша Еуроодақтың Таяу Шығыстағы бейбітшілік үдерісі жөніндегі арнайы өкілі Свен Купманс БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің Газа секторында атысты тоқтатуды талап ететін қарарының міндетті екенін айтты.













