Қарсыласу өзегінің бір басшысы Иранның әскери кеңесшілері Сириядағы миссиясы мен міндеттерін әлі жалғастырып жатқанын хабарлады.
Еуразия Тудейдің Al-Mayadeen ақпарат арнасына сілтеме жасап хабарлауы бойынша Қарсыласу өзегінің лауазымды тұлғасы ирандық әскери кеңесшілердің Дамаскпен келісілген міндеттерге сәйкес, Сириядағы өз миссиясын қалыпты түрде жалғастырып жатқанын, сионистік режимнің Дамасктегі Иран елшілігіне жасалған шабуылдан кейін де миссиялардың тоқтатылмағанын баса айтты.
Аталған дереккөзі негізінде Сирияда ирандық әскери күштердің жоқ екенін, бірақ әскери кеңесшілер Сирия үкіметінің келісімі мен үйлестіруімен бұл елде заңды түрде қызмет етіп жатқанын айтты.
Ол сөзінің жалғасында: «Халықаралық ақпарат құралдары мен араб сайттарында ирандықтардың Сирияның оңтүстік аймағынан эвакуацияланғаны және әскер санын азайтуы туралы жарияланған ақпарат шындыққа жанаспайды» деді.
Сәуірдің бірі күні Израиль Дамасктегі Иран Ислам Республикасы Елшісінің резиденциясы мен Бас консулдығының ғимаратына әуе шабуылын жасады. Салдарынан Иранның «Құдс» күштерінің жоғары лауазымды екі қызметкері мен оның 5 мүшесі қаза тапты.

















